Ресей азаматы шекарадан есірткі алып өтпек болған

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар елге есірткі алып өтпек болған Ресей азаматын ұстады, деп хабарлайды деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 6 қазан күні Мағжан Жұмабаев ауданында орналасқан «Қарақоға» автомобиль өткізу пунктінде болған. Шекаралық бақылау бөлімшесінің шекара наряды жолаушылардың жүктерін тексерген. Ресей азаматы рұқсат етілмеген затты күртешесінің ішкі қалтасына жасырып, мемлекеттік шекарадан өтпекші болған екен. Алайда жолы болмады. Қызметтік ит иісті сезіп, ер адамнан жасыл түсті белгісіз зат алынды.
Сараптама белгісіз заттың салмағы шамамен 100 грамм болатын «Гашиш» есірткісі екенін көрсетті. Қазір шетелдікке қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған күдікті Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөліміне тапсырылды.

Бұған дейін Астана қаласы полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы Сергей Ильиных есірткі сақтағаны үшін жасөспірімдерге қатысты 5 қылмыстық істің тіркелгенін айтқан еді. Полицейдің айтуынша, жастар есірткі қылмысы 2015 жылдан бері аса ауыр қылмыс түріне жатқызылғанын білмейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz