М.Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары 3 жылға сотталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

М. Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары алдап алған 200 мың теңге үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 наурыз күні облыстық соттың аппеляциялық алқасы прокурордың аппеляциялық өтінішімен К.-ға қатысты алаяқтық жасауға оқталу қылмыстық ісін қарады.

Сотталған М. Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқара отырып, М-дан 200 мың теңгені алаяқтық жолмен алған. Шенеунік бюджет қаражатын оған мерзімінен бұрын аударуға жәрдемдесемін деген К. қылмыс орнында ұсталды.

Петропавл қалалық соты оған ұрланған мүліктің 15 еселенген мөлшерінде, яғни 3 млн теңге айыппұл салуға үкім шығарды. Бұл үкіммен прокурор келіспей, апелляциялық өтініш берді. Қадағалаушы орган үкімнің тым «жұмсақтығын» айтып, К-ға тағайындалған жазамен келіспеді.

Қылмыстың бұл түріне айыппұл немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Сот К-нің қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін жағдай деп оның шын жүректен өкінуін, жас балаларының, соның ішінде ауыр дертті баласының болуын есепке алды. Ал К-ның өзі қабылдаған антты бұзуы — ауырлататын мән-жай деп танылды.

Аппеляциялық алқа К-ға тағайындалған айыппұл түріндегі жазаның сотталған адамның жеке басына және ол жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келмейтінін мойындады.

Сот алқасының қаулысымен К.-ға қатысты үкім өзгертіліп, оны 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Апелляциялық қаулы заңды күшіне енді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz