СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы болған Берік Біләловке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі полиция генерал-майоры Б.С. Биляловқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз, — дейді жауап берді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері.
Агенттік мәліметінше, Б. Біләлов биылғы 24 ақпанда күдікті деп танылған.
– Бұлтартпау шарасы сайланбады. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді, — дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.