СҚО-да қырыққабат, сәбіз және картоп бағасы арзандады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста бір жылдың ішінде азық – түлік тауарлары шамамен 27% – ға, азық-түлік емес тауарлар-21% — ға, ақылы қызметтер-15%-ға қымбаттады. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросының департаменті келтірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Департаменттің мәліметінше, өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда өңірде ұн мен макаронның бағасы 37% – ға, жарма — 39% – ға, сүт өнімдері-28% — ға, ет-22% — ға өсті. Нан-тоқаш пен ұннан жасалған кондитерлік өнімдер 51% қымбаттады. Ал алкогольсіз сусындардың бағасы 27% өсті.

Жемістер мен көкөністердің бағасы бір жылда сәйкесінше 25% және 17% — ға көтерілді. Статистиктердің айтуынша, бұл санатта қырыққабат, сәбіз және картоп арзандады. Төмендеу сәйкесінше 26%, 14% және шамамен 8% құрады.

Тазалау және жуу құралдары 41% – ға, тұрмыстық аспаптар, киім мен аяқ киім – 20% – ға, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған материалдар-26% — ға, фармацевтикалық өнімдер-15% — ға қымбаттады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz