Қазақстандағы инфляция бір жылда 20,5%-ға дейін өсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы наурызда инфляция былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 18,1% (ақпанда – 21,3%) болды. Азық-түлік тауарлары 20,5%, азық-түлік емес тауарлар 18,1%, ақылы қызметтер 14,4% қымбаттады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

2022 жылдың наурыз айымен салыстырғанда қант 77%, кір сабын 73,3%, кеңсе тауарлары 72,8%, балалар сабыны 55,6%, пияз 55,1%, ыдыс жууға арналған құрал 53,9%, кептірілген өрік 53,6%, дәретхана қағазы 49,5% қымбаттады. Керісінше, жылдық көрсеткіште қырыққабат 51,1% арзандаған.

Тұтыну бағасының индексі бір айда 0,9% болып, өткен аймен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмендеді. Мәселен, 2023 жылғы наурызда азық-түлік тауарларының бағасы 1,1%, азық-түлік емес тауарлардың, ақылы қызметтердің әрқайсысы 0,8% өсті.

— Азық-түлік өнімдерінен көкөністер наурызда, мысалы, қызанақ 12,7%, тәтті бұрыш 4,9%, қырыққабат 4,5%, қызылша 3,6% қымбаттады. Күріш (3,4%) пен алкогольдің (3,3%) қымбаттағаны байқалды. Айран 2,5%, сүт 2,8%, банан 2,2%, сиыр еті мен ашытылған сүт өнімдері 2,1%, сары май 1,4%, кептірілген жемістер мен жаңғақтар, кондитерлік өнімдер 1,3%, қияр 7,3%, қант 2,1%, қарақұмық 2% арзандады, — Ұлттық статистика бюросы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz