Балағаттауға болмайды: қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін жаңа айыппұл күшіне енді

Авторы: Qyzyljar News

Наурыздың 6 бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске әдепсіз сөздер айтқаны үшін жазаны қатайтатын түзетулер күшіне енеді. Енді балағат сөздер айтқан адамдар 69 000 теңге (бұрын 17 250 теңге болатын) айыппұл арқалайды немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Осы жылдан бастап ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жаза күшейтіледі. Мәселен, автобуста біреу балалардың немесе аға буын өкілдерінің көзінше, яғни қоғамдық орында, айналасындағыларды сыйламай, қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан жағдайда, оған 17 250 теңге айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынады. Наурыздың 6 бастап мұндай әрекеттер үшін 20 АЕК (69 мың тенге түріндегі жаза) айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.

Әрбір өтініш бойынша полиция қызметкерлері дәлелдемелер жинайды. Бұл азаматтардың өтініші, куәгерлердің айғақтары, сонымен бірге құқық бұзушылықтың аудио, бейнетүсірілімі, қажет болған жағдайда сарапшының қорытындысы болады. Құқықтық бағаны сот береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz