СҚО-ға әлемге танымал музыканттар мен суретшілер келеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыста халықаралық деңгейде бірнеше мәдени іс-шара өтеді деп жоспарланып отыр, деген хабарды Qyzyljarnews.kz тілшісі таратуда.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архиф ісі басқармасының басшысы Досбол Әбдірисовтың сөзінше, биыл өңірдің атын танытатын бірқатар жоба жүзеге асырылады. Олар Қожаберген жыраудың 360 жылдығына, Шал ақынның 275 жылдығына, Ақан серінің 240 жылдығына, Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына орайластырылмақ.

– Биылғы имидждік жобалардың ішінде «Qyzyljar Music fest» халықаралық фестивалі бар. Білім басқармасымен бірлесіп, Ермек Серкебаев атындағы халықаралық классикалық музыка фестивалі жоспарлануда. «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» халықаралық суретшілер симпозиумы өтеді. Биыл қатысушылардың географиясы кеңейіп келеді. Түркия, Франция және Нидерланды шеберлері өз таланттарымен бөлісуге ниет білдірді, – дейді Досбол Әбдірисов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz