8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай облыстық полиция қызметкерлері спорттық-қолданбалы эстафетадан сайысқа түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Эстафетаға облыстық полиция департаменті аппаратының және оның ең ірі бөлімшесі — Петропавл қаласының полиция басқармасының қызметкерлері қатысты. Сайыстың мақсатына сай қатысушылар кедергілер арқылы жүгіру, мылтықты құрастыру, бөлшектеу, газ маскасы бар жабдықтарды белгілі бір уақытта орындау қажет болды. Офицер қыздардан ептілік, төзімділік, табельдік қарумен жұмыс істеу қабілеті талап етілді.
Үздік нәтижені ПД аппаратының қызметкері Татьяна Долбышева көрсетті. Екінші және үшінші орындарды мамандандырылған және мобильді дайындық басқармасының қызметкері Серафима Окишева және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Зарина Попова иеленді. Офицер қыздардың пікірінше, мұндай іс-шаралар полиция қызметкерлері қатарында саламатты өмір салтын насихаттауға және патриотизмге тәрбиелеуге ықпал етеді.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі