СҚО-да жыл басынан бері 100-ден астам ерлі-зайыпты ажырасу жөнінде арыз жазған

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Облыстық әділет департаментінде іскер әйелдердің қатысуымен өткен жиында бала тәрбиесі, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, жалпы отбасылық құндылықты байыту және оны сақтап қалу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі mtrk.kz сайтына сілтеме жасап.

– Өзім 38 жыл бойы жолдасыммен бірге тұрып келе жатырмын. Отбасында кикілжің туындамай тұрмайды. Өмір болғаннан кейін әр түрлі жағдай болады. Әйел адам болғаннан кейін өз орныңды білу керек. Үйдегі болған атмосфера көбінесе әйел адамға байланысты. Ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжал жоқшылықтан болады,-дейді СҚО кәсіпкерлер палатасы іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Айтықан Қалғаева.

Осы екі арада бала ұмыт қалмауы керек. Өйткені, ересектер арасында туындаған ұрыс-керіс баланың сана-сезіміне әсер етуі мүмкін. Психолог Ғалия Баязитованың айтуынша, оның көмегіне күніне 20-ға жуық адам жүгінеді екен.

– Қазіргі таңда балалар ұялы телефонға тәуелді болып отыр. Ал ата-ана күн көру мәселесімен баланың бойындағы ерекшеліктерін, тұлғалық дамуын байқамауы мүмкін. Сол себепті, балада әр түрлі ауытқушылықтар пайда болады. Әрбір ұл-қызға назар аудару қажет,-дейді психолог Ғалия Баязитова.

Мамандардың айтуынша, өңірде ажырасу жиілеген. Соңғы 2 айдың ішінде 428 жұп отбасын құрса, 101 отбасы ажырасу жөнінде арыз жазған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

Әділет Бағланұлы, +77077387721 adilet.tolegen.00@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz