СҚО автожолдарында көлік қозғалысы шектелді

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар республикалық жолдар жабылды. 7 ауданда облыстық маңызы бар 22 учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, боран тұрып, қар жаууына байланысты өңірдің автожолдарында көліктің барлық түріне қозғалыс уақытша шектелді.

Олар:

«Екатеринбург-Алматы» жолының 729-856 км, Қостанай облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін.

«Булаево-Рощинское» жолының 111-131 км, Молодогвардейское елді мекенінен Ильич ауылына дейін.

«Жезказган – Петропавл» жолының 595-835 км, Ақмола облысының шекарасынан Николаевка елді мекеніне дейін.

«Көкшетау — Рузаевка» жолының 61-196 км, Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка елді мекеніне дейін.

«Қарасай батыр мемориалдық кешеніне барар жол» автожолының 0-24 км, Саумалкөл ауылынан Қарасай батыр мемориалдық кешеніне дейін.

«Рощинское – Корнеевка — Волошинка» жолының 0-86 км, Рощинское елді мекенінен Волошинкаға дейін.

«Волошинка – Сергеевка — Тимирязево» жолының 0-119 км, Волошинкадан Тимирязево елді мекеніне дейін.

«Тимирязев — Сарыкөл – облыстың шекарасы», 0-32 км, Тимирязев елді мекенінен Қостанай облысының шекарасына дейін.

Бұдан басқа 7 ауданда облыстық маңызы бар 22 учаске жабылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz