Петропавлда қос дөңгелекті көліктердің қатысуымен 2 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Авторы: Qyzyljar News

Маусымның 6-сы күні Петропавлда қос дөңгелекті көліктердің қатысуымен екі жол-көлік апаты орын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

6 маусым күні таңертең Набережная көшесінің бойында «Audi» маркалы көлігі мотоциклмен соқтығысып қалды. Салдарынан «Yamaha»-ның 34 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы жедел жәрдеммен қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді. Осы күні кешкі сағат 7-де Потанин көшесінде «Renault Duster» көлігін басқарып келе жатқан жүргізуші «Alpha» скутерін байқамай қалып, соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 15 жастағы петропавлдық жарақаттанды. Аталған фактілер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық Әкімшілік полиция бөліміне жіберілді.

-Қос дөңгелекті көліктердің жүргізушілері мен жолаушылары әрқашан да бекітілген мотоцикл дулығасын киюі тиіс, жарық шамдары қосулы болуы қажет. 16 жасқа толмағандарға және жол қозғалысы ережелерін білмейтіндерге скутерлерді жүргізуге тыйым салынған, — дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жыл басынан СҚО-да мотоциклдер мен скутерлердің қатысуымен 4 жол-көлік оқиғасы орын алды.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz