Петропавлда мектепте қарулы шабуыл кезінде зардап шеккен оқушылар ауруханадан шығарылды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда құрдастарының тарапынан қарулы шабуылға ұшыраған оқушылар ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Отырыста Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңір басшысынан: «Жақында оқушыларға жасалған шабуылдан кейін мектептердің қауіпсіздігін күшейту үшін қандай шаралар қабылдадыңыздар?» — деп сұраған еді.

— Біріншіден, балалардың жағдайы туралы қысқаша баяндауға рұқсат етіңіз. Бүгінгі күні олардың барлығы ауруханадан шығарылды. Жағдайлары орташа. Дәрігерлік консультациялық комиссия үйде күтуді ұсынды. Мәселе тұрақты бақылауда, — деп жауап берді облыс басшысы.

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, облыста 630 білім нысаны, оның ішінде 465 мектеп бар. Мектептерде 75 мың бала білім алады.

— Ұйымдар бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Петропавл қаласында Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына талап етілген барлық 79 нысан қосылған. Аудан орталықтарында да камералар полиция бөліміне шығарылған. Дабыл түймелері 178 нысанда орнатылған. Сонымен қатар дабыл түймелерін қосымша орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz