2022 жылы 1,4 гектар алқап өртке оранды

Авторы: Qyzyljar News

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысының ормандарында 34 өрт оқиғасы тіркеліп, 1,4 мың гектар алқап отқа оранды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, облыста 12 орман шаруашылығы мекемесі мен «Красный бор» жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық жұмыс істейді.
Өртпен күрес және өрттің алдын алу – орманшылардың негізгі жұмыстарының бірі. Биыл орманды өрттен сақтау мақсатында 1,3 мың км-ге минералды жолақтар жүргізілді. Десек те, өрт қауіпті кезеңде 1,4 мың га аумақта 34 орман өрті тіркелді. Сондай-ақ орман алқаптарына қауіп төндіретін далалық жерлерде 366 өрт болды. Екі кінәлі анықталып, олар 161 мың теңге айыппұл төлеп келтірген залалдың орнын толтырды.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 47 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 834,4 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бұдан басқа орман күзеті биыл орман заңнамасын бұзудың 130 дерегін анықтады. Кінәлі адамдарға 2 млн теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды. СҚО-да ұзақ мерзімге келісімге отырған 18 орман пайдаланушысы бар, олар ағаш дайындаумен және өңдеумен айналысады.

Жыл сайын цехтарда шамамен 100-130 мың текше метр жергілікті ағаш өңделеді. 2022 жылы 387 мың текше метр ағаш дайындалды. Оның ішінде орман шаруашылықтары 252 мың және орман пайдаланушылар 135 мың текше метр дайындады. Облыстық бюджетке орманды пайдаланғаны үшін 273 млн теңге төлем жасады. Облыс аумағында тұрғындардың демалысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету үшін орман учаскелерін жалға алған 27 орман пайдаланушы жұмыс істейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz