Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалында «Ассамблея аруы – 2023» байқауы ұйымдастырыды. Сұлулық сайысында өңірдің 7 ауданынан келген қатысушылар бақ сынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалы сұлулық байқауын жылда мерекеге орай ұйымдастырады. Сайыстың ерекшелігі – байқауда аналар қыздарымен бірге өнер көрсетеді.
– Сайысты ұйымдастырудағы басты мақсат- отбасы құндылығын дәріптеу және ұлттар достастығын нығайту. Қатысушылар өздері қалаған ұлттың салт-дәстүрін көрсете алды. Бірінші таныстыру кезеңі, екінші тур «Алтын сандық» деп аталады. Онда анасы мен қызына интеллектуалды сұрақтар қойылып, білімі тексеріледі. Ал соңғы кезеңде қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді, – дейді «Қоғамдық келісім» КММ бас сарапшысы.
Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар, алғыс хаттармен марапатталды.