СҚО әкімі соғыс ардагерін құттықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

 Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров 101 жастағы Валентина Волкодавты мерекемен құттықтады. Валентина Архиповна – Ұлы Отан соғысының ардагері, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі»ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

СҚО-да көзі тірі санаулы ғана майдангер қалса, солардың бірі — 19 жасында соғысқа аттанған Валентина Волкодав. Жеңісті Берлин қаласында қарсы алған әйел туған елге тек 1945 жылдың күзінде ғана оралған.

Бүгін өңір басшысы Айдарбек Сапаров сыйлығын алып, Петропавл тұрғыны Валентина Архиповнаның үйіне барды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

 — Соғыс ардагері Валентина Архиповна биыл 101 жасқа толды. Ол – қос ғасыр куәгері. 19 жасында соғысқа аттанып, Белорусь, Украина майдандарында көпір салатын отрядтарда қызмет атқарды. Әскери отрядтар көпірлер салып, жауынгерлердің өтуіне жағдай жасады. Ол Еділден Берлинге дейін жетті. «Варшаваны азат еткені», «Берлинді алғаны үшін» және «Белоруссияны азат еткені үшін» медальдерімен, Сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен марапатталған. Соғыстан кейін Целиноград қаласында керамика зауытында есепші болып еңбек етті. Петропавлда 30 жылға жуық тұрып жатыр. Валентина Архиповнаға мықты денсаулық, отбасы амандығын тіледім. Балалары мен немерелері күнде қуанта берсін, — деп жазды Айдарбек Сапаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz