Бірнеше ай бұрын СҚО тұрғыны Ақмола облысына барып, есірткі таратумен айналысқан. Күдікті полиэтилен орамасын жасыру кезінде ұсталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, СҚО тұрғыны көрші өңірге әдейі есірткі тарату мақсатында барған. Белгілі болғандай, ер адам «Telegram» арнасынан гашишті сатып алып, одан соң белгіленген жерге нашаны қойып жүрген. Тәртіп сақшылары күдіктіні құрықтау кезінде одан 16 полиэтилен орамасын тауып, тағы 13-ін ұсталған азаматтың жалдаған пәтерінде анықтады. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша «Есірткі зттарымен заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.