Петропавлдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынд автомобильдерді заңдастыру бойынша 925 өтінім түсіп, оның 3 225-і криминалистермен тексерілді. 2 244 көлікке отандық нөмірлер берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжановтың айтуынша, көліктерді заңдастыру науқаны басталғаннан солтүстікқазақстандықтардан шағымдар түскен жоқ.
— Мамандандырылған ХҚКО-да арнайы секторлар жұмыс істеді. Онда тұрғындардан құжаттар қабылданып, қызметкерлеріміз әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын тексерілді. Ал мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі кедендік төлемдерді төлеу тәртібін түсіндірді, — деп хабарлады Серік Әлжанов.
Шетелдік автомобильдерді заңдастыру 1 шілдеге дейін жалғасады.