Петропавлда тұрғын үйді жалға беру бағасы өсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда (2023 жылғы ақпан 2022 жылғы ақпанға қарағанда) пәтерлерді қайта сату бағалсы 13%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2023 жылғы ақпанда 33,8% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) және Ақтау қалаларында (25,2%) едәуір қымбаттады.

Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімі:

Семей – 41%;

Қызылорда – 39,9%;

Ақтөбе – 36,9%;

Ақтау – 35,4%;

Қостанай – 30,9%.

Тұрғын үйді жалға алу бойынша:

Көкшетау – 53,7%;

Қостанай – 51,9%;

Алматы – 49,6%;

Петропавл – 49,3%.

Бір айдың ішінде (2023 жылғы ақпан 2023 жылғы қаңтарға қарағанда) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 0,3%, пәтерлерді қайта сату 0,4% өсті.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда 0,2% өсті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz