Халықтың әлеуметтік осал тобына жататын тұрғындарға жалға алатын тұрғын үй үшін өтемақы төленеді

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы Индустрия және  инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығымен халықтың әлеуметтік осал топтарына жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Төлемдер жеке меншік  үй жалдайтын жекелеген отбасыларға бюджет қаражаты есебінен   өтеусіз берілетін  мемлекеттік қолдау түрі болып табылады. Баспана үшін төлейтін ақшаның     50%  -ы бюджеттен беріледі, қалған   50% -ын адамдардың өздері төлейді.  Коммуналдық төлемдер үшін қаражат берілмейді.
Мемлекеттік қолдауды 4 санатқа жататын азаматтар ғана ала алады:
1. 1 және 2 топтағы мүгедектер;
2. Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
3. Жетім балалар;
4. Көпбалалы отбасылар.
Қаржылай көмек алу үшін отбасының табысы  соңғы 6 айдағы жиынтық табысының мөлшері   әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің бірыңғай шамасынан аспауы тиіс, яғни айына 36 018 теңге.
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйде тұратын кезекте тұрғандар бұл бағдарламаға қатыстырылмайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz