СҚО-да көміртегі тотығымен уланудың фактісі тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Халықаралық әйелдер күнінде облыста үш өрт оқиғасы тіркелді. Оның екеуі Петропавлда, біреуі Аққайың ауданында орын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Наурыздың 8-і өрт сөндіру қызметінің мамандары күшейтілген режімде жұмыс істеді. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиғалар тұрғындардың қарапайым сақтық ережелерін елемеуінен орын алған.

Құтқарушылардың жедел әрекеті нәтижесінде зардап шеккендер мен адам өлімі тіркелмеді.

Мереке күні көміртегі тотығымен улану фактісі де  тіркелді. Оқиға Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның  орталығында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің бірінде орын алған.

 — Наурыздың 8-і күні шамамен сағат 02.52-де ауданның орталық ауруханасына 1976 жылы туған әйел мен 1977 жылғы ер азамат жеткізілді. Дәрігерлер олардың көміртегі тотығымен уланғанын айтты. Екеуі де ауруханаға жатқызылып, қажетті ем-дом қабылдады. Қазір қос ауылдықтың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, науқастар үйлеріне  жіберілді, — делінген СҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мамандар үйді тексеру кезінде жылыту пешінің мұржасы күлге толы екендігін анықтады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz