Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 11-13 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
— Қар мен жаңбыр, жел күшейеді, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда жаяу бұрқасын болады. 11-12 наурызда еліміздің оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. 12-13 наурызда республиканың шығыс облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар); 12-13 наурызда оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады,-делінген «Қазгидромет» РМК жариялаған ақпаратта.