СҚО полицейлері көлік жүргізушілерін жолда сақ болуға шақырады

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Жоғары қырағылықты қажет ететін автожол учаскелерінің бірі – «Лобаново – Имантау» трассасы. Жуырда полицейлер Чебачки көлінің маңында «Volkswagen Golf» маркілі көлікті байқап, көмекке келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Имантау ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Нұрлыбек Кәріпенов «Лобаново – Имантау» трассасында «Volkswagen Golf» автокөлігін байқап қалды. Жақындай келгенде теміртұлпардың істен шығып кеткенін анықтады. Қырағы полиция қызметкері көмекке келіп, көлікті сүйреп Имантау ауылдық округіне дейін жеткізді. Көп ұзамай «WhatsApp» мессенджерінің жергілікті тобында Максютовтар отбасы полицейге алғысын білдірді.

– Құрметті жүргізушілер! Алыс қашықтыққа барар алдында көлік құралының техникалық жарамдылығына көз жеткізіңіз. Ауа райы болжамдарын және ТЖ қызметінің жолдардың жабылуы туралы хабарламаларын қадағалап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар, – деп ескертеді полицейлер.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

Әділет Бағланұлы, +77077387721 adilet.tolegen.00@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz