Петропавлда «Наурыз жәмеңкесі» өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда ауыл шаруашылығы өнімдері саудаланған жәрмеңке өтті. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған сауда-саттық «Наурыз жәрмеңкесі» деген атауға ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жәрмеңкеге облыс аудандарынан әкелінген азық-түлік өнімдері саудаланды. Сондай-ақ сатуға қалалық кәсіпкерлер де тауарларын ұсынды. Олар азық-түліктің 85-тен астам түрін саудалады. Оның ішінде ет және шұжық өнімдері, сүт және сүт өнімдері, ұн мен жарма, бал, жұмыртқа және балық.

Жәрмеңкеге облыс әкімі Айдарбек Сапаров та қатысып, ұсынылған өнімдердің бағасымен танысты. Сөрелерге қойылған тауардың бағасы дүкендегіден 15-20 пайызға арзан болды.

Тұрғындар жұмыртқалардың бір ондығы 400 теңгеден (супермаркетте – 500-520 теңге), жылқы етінің бір килограмы 2 700 теңгеден, пиязды – 150 теңгеден, картопты – 100 теңгеден сатып алуға мүмкіндік туды. Шошқа еті орташа есеппен бір килограмына 1 750 теңгеден, сиыр еті – 1 800 теңгеден, қой еті – 2 100 теңгеден сатылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz