Атап айтқанда, бәсекеге қабілетті баға ұсынысына әсер ететін қосымша критерийлер енгізіледі.
Осылайша, егер мемлекеттік сатып алуға бөлінген сома 400 000 АЕК-тен аспаса және әлеуетті өнім беруші жұмыс орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекарасындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жағдайда әлеуетті өнім берушіге 1% мөлшерінде шартты жеңілдік беріледі.
Тағы бір критерий әлеуетті өнім берушінің қазіргі қаржы жылында жасалған әр мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауы үшін жеңілдіктің жалпы сомасынан 0,1% шегерім жасауды көздейді.
Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілімен жүзеге асырылған кезде конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай критерийлер қолданылады:
- әлеуетті өнім беруші жүргізетін сатып алудың мәні болатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы;
- төленген салықтардың көрсеткіші;
- бәсекелес баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде есептелетін қаржылай тұрақтылық көрсеткіші;
- тауардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге кеткен шығын.
Бұйрық 2023 жылғы 22 наурыздан бастап күшіне енеді.