СҚО-да түнгі уақытта балаларын қараусыз қалдырған ата-аналар жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да 4 күн ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс болудың 100-ден астам фактісі анықталды, – деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Наурыз айының 9-ы мен 12-сі күндері аралығында облыста «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Оның аясында жастардың ықтимал жиналу орындары бойынша рейдтер жүргізілді. Полицейлер түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ата-ана қарауынсыз жүрудің 110 фактісін тіркеді, оның 16-сы Петропавлда анықталды. 8 жасөспірім мас күйде болғаны белгілі болды. Салдарынан құқық бұзған азаматтардың әкелері мен шешелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Петропавлда ювеналды полицейлер 60-тан астам мекен жайға барды. Аралау нәтижелері бойынша бір алкогольді асыра пайдаланатын ата-ана мен үш жасөспірім есепке алынды. Солардың біріне анасының өзі шара қолдануды өтінді. Белгілі болғандай, 16 жастағы жасөспірім үйден бірнеше рет өз еркімен кетіп қалған.

– Енді онымен профилактикалық жұмыс жүргізілетін болады, қайталанған құқық бұзушылықтар кезінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның отырысына материал жиналуы мүмкін. Сондай-ақ рейд барысында полиция қызметкерлері мектептерге сынып сағаттары мен ата-аналар жиналыстарына қатысу үшін келді. Олар қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы айтып, заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершілікті еске салды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты — кәмелетке толмағандардың оларға қатысты да қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеу, – дейді Петропавл қаласы ПБ ЖПҚ бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Оңалбек Әбдікәрімов.

Іс-шара барысында барлығы 176 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 46 заңды өкіл жауапқа тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz