Петропавлда жыл басынан бері кәмелетке толмаған 83 бала үйінен кетіп қалған

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда жыл басынан кәмелетке толмағандарды іздестірудің 83 фактісі тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік педагог, мектеп психологі, ювеналдық полиция қызметкерлері уақтылы қолдау көрсетпеген жағдайда, бұның салдары жағымсыз болуы мүмкін. Мәселен, Петропавлда 13 жастағы бала бұған дейін де үйінен бірнеше рет кетіп қалып жүргені белгілі болды. Әйел ешқайда жүгінбеген. Жағдай күрделеніп, жасөспірім үйінен алшақтап кеткен. Іздестіру іс-шаралары түні бойы жүргізіліп, нәтижесінде бала достарының үйінен табылды. Ал ата-анасына қатаң ескерту жасалды.

Аталған факті бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілді. Отбасы ювеналдық полицияның және мектепішілік есепке тіркеліп, үйден кету жайты қайталанбас үшін психологиялық-педагогикалық қызметтің жұмысы ұйымдастырылды.

– Ең бастысы, қаңғыбастыққа бейімделуге жол бермеу қажет, бұндай жасөспірімдерді қалыпты өмірге қайтару қиынға соғады. Қазіргі уақытта қалада үйлерінен өз бетімен кетіп қалып жүрген 5 жасөспірім есепте тұр. Әрқайсымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ата-аналарды кәмелетке толмағандардың тәрбиесіне барынша назар аударуға, олармен үнемі қарым-қатынаста болуға, қызығушылықтарынан хабардар болуға, араласып жүрген ортасын бақылауға шақырамыз. Мәселелер туындаған кезде бірден көмекке жүгіну қажет. Мамандар көмекті неғұрлым ерте көрсетсе, соғұрлым оң нәтижеге жету мүмкіндігі арта түседі, – деді Петропавл қаласы жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ахмагамбетов.

Жалпы жыл басынан Петропавлда кәмелетке толмағандардың із-түзсіз жоғалуы жөнінде 83 өтініш келіп түскен. Барлығының жүрген жері кезекші тәулікте анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz