«Qulager» жастары жартылай финалға өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Шайбалы хоккейден жастар командалары арасындағы плей-офф ойындары жалғасуда. Жергілікті «Qulager» клубы ширек финалда бесінші кездесуін өткізіп, өскемендік «Торпедодан» басым түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұған дейін плей-офф ойындары аясында петропавлдық өрендер төрт кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жетіп, екеуінде жеңілістің кермек дәмін татқан болатын. Нәтижесінде ширек финалдың сериясы бесінші матчқа дейін ұзартылды.

Бұл кездесу қос команда үшін шешу ойын екені белгілі. Сондықтан болар, қос клубтың хоккейшілері аянып қалмады. Матч басталысымен жерлестеріміз шабуылдауға кірісті. Алайда қонақтар да оңай шағылар жаңғақ емес екендігін дәлелдеуге тырысты. Бірінші болып есепті құлагерліктер ашты. Шайба авторы – Данила Пиниди. Кейін солтүстікқазақстандық жастар тағы бір нәтижелі соққы жасады. Бірінші кезең 2:0 есебімен аяқталды.

whatsapp image 2023 03 14 at 10.44.48 1

Келесі кезеңде де жерлестеріміз қарсыластарын қапы қалдырып, есепті 3:0-ге дейін жеткізді. Ойынның шешу бөлімінде өскемендік хоккейшілер қанша тырысқанымен таразы басын теңестіре алмады. Дегенмен «Торпедо» клубы жалғыз шайбаны солтүстікқазақстандықтар қақпасына дарыта алды. Қорытынды есеп 3:1, «Qulager» жартылай финалда.

Жартылай финалдық алғашқы ойынды жерлестеріміз наурыздың 17-сі күні «Ақтөбе» командасына қарсы өткізеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz