СҚО әкімі: Мемлекеттік сатып алу бойынша байқаулар сәуір айына дейін аяқталуы шарт

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыста мемлекеттік сатып алуды жүргізуге 151,8 млрд. теңге бағытталған. Оның ішінде 71,3 млрд. теңгесі ауыспалы жобаға жатады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жанар Мұсақұлованың айтуынша, жыл басынан бері жоспарланған сатып алулардың 93,7 млрд. теңгесі игеріліп, 67,5 млрд. теңгеге келісімшарттар жасалды.

Өңір басшысы мемлекеттік сатып алу бойынша байқаулар денсаулық сақтау саласында ғана емес, өзге салаларды қамтуы шарт екенін алға тартты.

– Алдағы уақытта балабақшалардың құрылысын бастаймыз. Жеңімпазды жариялағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде келісімшарт жасасу керек. Егер  мердігердің жауапкершілігі жоқ  болса, келісімшарттың күші жойылуы тиіс. Байқауда жеңіске жеткендер істеріне бей-жай қарамауы қажет. Сонда ғана облыстағы мәселелер шешіледі, — деді Айдарбек Сапаров.

Сондай-ақ облыс әкімі бюджетті дер кезінде толықтырып, мемлекеттік сатып алуды бірінші сәуірге дейін қамтамасыз етуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz