Ветеринария саласында өзекті мәселелер жетерлік

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты болуы үшін ветеринарлық қызмет кешенді іс-шараларды қолға алған. Биыл төрт түлік пен құсқа қатысты түрлі ауруға қарсы 5 млн.-нан астам екпе егілмек. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен алқалы жиында белгілі болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Дегенмен, ветеринария саласында кадр жетіспеушілігі әлі де өзекті, 70 маманның орны бос тұр. Осыған орай мектеп оқушыларына  кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілуде. Облыс пен Ресей шекарасында 4 ветеринарлық-бақылау бекеті орналасқан.

– Басқа облыстан әкелінетін  малдарға бақылауды күшейту қажет.  Бұл міндет, бірінші кезекте, аудан әкімдеріне жүктеледі. Бұл бағыттағы  жұмысты бәсеңдетпеу керек.  Атап айтқанда,  сатып алынған малды карантинге қойып, тексеріп алып, нәтижесін білгеннен кейін ғана есепке алған жөн, — деді  СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.

Биыл екі  айда 800-ден астам автокөлік,  бір мың бастан астам мал және 900-ге жуық құс тексерілді. Нәтижесінде құқық бұзушылықтың 11 дерегі анықталды. 11 көлік Ресей аумағына кері қайтарылды.

Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының басшысы Марат Ибраев келтірген деректер бойынша 31 нұсқама жазылып, оның 28-і орындалған. 1 млн. теңгеден астам мөлшерде  37 айыппұл салынып,  87 пайызы өндірілген.

Айдарбек Сапаров жиын барысында  ауыл шаруашылығы өнімінің сапасын  жіті бақылауда ұстауды тапсырып, ветеринарлық қызметке аса қауіпті аурулардың алдын алу үшін профилактикалық іс-шараларды уақытында және сапалы өткізуді, әсіресе, облыс аумағына әкелінетін мал  бақылауда болу тиістілігін атап көрсетті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz