Биыл облыстың тұрғын үй қоры өткен жылмен салыстырғанда 172,1 мың шаршы метрге ұлғайды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының облыс бойынша департаменті хабарлады, деп жазады Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтарға тұрғын үй қоры 12 537,6 мың шаршы метрді құрады. Оның 45,3% — қала аумағында.
Мемлекеттік тұрғын үй қорына – 2,2%, жеке меншік тұрғын үй қорына – 97,8%-дан келеді.
Облыс бойынша халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне келер болсақ, бір адамға жалпы 22,4 шаршы метрден келеді.