8 көпқабатты тұрғын үй әзір

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда халық игілігіне берілуі тиіс 16 көпқабатты үйдің 8-не инженерлік-коммуникациялық желілер тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жақын арада 8 көпқабатты үйге тұрғындар қоныстана бастайды. Алдағы уақытта аулаларды абаттандыру жұмысы жүзеге асырылмақ. Тағы 6 көпқабатты үйге инфрақұрылым желілері қыркүйек айының соңында тартылса, 2 нысанға қарасты мұндай жұмыстар қараша айына дейін аяқталады.

– Қалалықтар пәтер алысымен баспаналарындағы кез келген мәселелермен мердігерге жүгіне алады. Үй екі жыл бойы кепілдікте болғандықтан, құрылыс компаниясы барлық олқылықтарды түзетуге міндетті.
Сегіз үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Бір шаршы метрдің бағасы 160 мың теңгені құрап отыр, — делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz