СҚО полицейлері жол жиегінен шығып кеткен «КамАЗ» көлігін шығаруға көмектесті (ВИДЕО)

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста жүк тиелген «КамАЗ» көлігі жол жиегінен шығып қалды. Қиын жағдайға тап болған жүргізушіге көмекке полицейлер келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Мамлютка – Қостанай» тас жолында «КамАЗ» жүргізушісіне қалың мұз кедергі келтірді. Салдарынан тіркемесі бар жүк көлігі Дубровный ауылының маңында жолдан шығып кетті.

Жүк көлігінің жүргізушісі «112» нөміріне хабарласып, көмек сұраған.  Құтқарушылар жедел әрекет ету мақсатында бұл жағдай туралы полицяға жеткізді. Нәтижесінде оқиға орнына жақын маңда болған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Әміржан Таккужин мен Азамат Қуанышев келіп жетті. «КамАЗ» көлігін шығару үшін үш бірлік ауыр техника тартылды.

– Жүргізушілерді жолда жүргенде өте сақ болуға шақырамыз. Ауа райының өзгеруі мұздың пайда болуына әкеледі. Бұл жағдайда көлікке уақытылы тоқтау қиын. Сондықтан жылдамдық режімін және көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтау қажет. Әсіресе елді мекендердің жанында аса қырағылық таныту қажет, — дейді СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі Валихан Оразалин.

sddefaultplay btn

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz