Сыныптастарын балтамен жарақаттаған петропавлдық оқушы неге үйден оқымады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Оқу-ағарту министрлігіндегілер Петропавл қаласындағы мектептестерін жарақаттаған баланың неге психологиялық жағдайына байланысты үйден оқымағанын түсіндірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Психологиялық және іс-әрекеттегі ауытқулар үйден оқу қарастырылған аурулар тізіміне енгізілген (ҚР ДСМ-34 бұйрығы). Сонымен бірге, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының ақпараты бойынша, оқушының ата-анасы білім мекемесіне дәрігерлік-консултациялық комиссияның қорытындысын ұсынбаған, — деп жазылған ҚазАқпараттың сауалына жолданған жауапта.

Сондай-ақ, министрлік мамандары «Білім туралы» ҚР Заңында әрбір адам зияткерлік дамуына, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктеріне қарамастан білім берудің бүкіл деңгейіне қол жеткізуге құқылы екенін еске салады.

Жауапта баланың ауруы бар-жоғы анықталған кезде оны үйде оқытуға дәрігерлік-консультативтік комиссия (ДКК) жіберетіні, бұл норма «Дәрігерлік-консультативтік комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі №34 бұйрығында көзделгені айтылған.

Еске салсақ, ақпан айында Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке қаруланып келіп, бірнеше баланы жарақаттаған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz