Бұл қызметті бұған дейін Дмитрий Михно атқарып келген еді. Ол 15 наурыз күні қызметінен босатылды.
— Мемлекет басшысының өкімімен Дмитрий Леонидович Михно Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.
Марат Әшім 1987 жылы 13 мамырда дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия Институтын бітірген.
Еңбек жолын Қазақстан қаржы корпорациясы қызметінде заңгер болып бастады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік және бақылау департаменті Кадр жұмысы басқармасының атташесі қызметін атқарған. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы болды.
Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Президенті протоколының референті, консультанты, инспекторы қызметтерін атқарды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Президентінің протоколы бөлімінің меңгерушісі де болды.
2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президентінің протокол қызметі жетекшісінің орынбасары болды.