Петропавлда оқушылар Мағжан өлеңдерін жатқа айтудан сынға түсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «Мағжанның маржан жырлары» атты сайыс өтті. Облыстық Мағжан оқуларына облыс аудандарынан 72  оқушы қатысуға ниет білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық Мағжан оқуларының өңірлік кезеңі басталмас бұрын сайыс қала мен аудандарда ұйымдастырылды. Оған 300-ге жуық бала қатысып, жүзден жүйрік атанған 72 бала аймақтық ақтық кезеңге жолдама алды.  Қатысушылардың барлығына қойылған басты талап – ұйымдастырушылар тізімде көресткен 30 жырды жатқа айтып беру. Кейін сахна төріне шыққан балалар қоржын ішінен 30 асықтың бірін таңдап, соның ар жағында жасырынған өлеңді жатқа айтады.

—  Біздің ұйымдастырудағы басты мақсатымыз Мағжанның өлмейтін өлеңдерін жастардың бойына сіңіру. Сол арқылы рухани бай адамдардың ортасын қалыптастыру. Жыр жаттаған балалар жаман болмайды. Бұл байқау келесі жылыда жалғасады. Бірақ шарты өзгеруі мүмкін, – облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының бөлім басшысы Жарқын Жұпархан.

Мағжан оқуларына 5-11 сыныптар аралығында оқитын оқушылар қатысты.  Байқау соңында үздік 15 бала ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді. Жалпы, сәуір айында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай Петропавлда халықаралық айтыс та өтпек.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz