Жаңа оқу жылында бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтандырылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл қоғам белсенділері облыстың оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету қажеттігін алға тартқан болатын. Бұл мәселені өңір басшысы Айдарбек Сапаров назарға алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық мәслихат депутаттарының бірінші сессиясында Айдарбек Сапаров халық қалаулылары алдында сөз сөйлеп, жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін жеткізді.

– Оқушылар мен олардың ата-аналары үшін жақсы жаңалық айтқым келеді. Жаңа оқу жылынан бастап 1-4 сынып аралығындағы барлық оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етеміз. Осының арқасында ата-аналар отбасылық бюджетті үнемдей алады. Қазір облыс бойынша аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілгенін атап өткім келеді, — деді СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz