«Масло-Дел» серіктестігі Петропавлда жаңа зауыт тұрғызбақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Масло-Дел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңа май экстракциялық зауытын тұрғызбақшы. Жоба құны – 23 млрд. теңге, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жаңа зауыт «Масло-Дел» серіктестігінің аумағында орналаспақ. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқарма басшысының міндетін атқарушы Дархан Әміриннің сөзінше, бүгінгі таңда тұқым сақтайтын сүрлемдік корпустарды тұрғызу жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ астық қабылдау пункті, экстракция цехы, май қоймасы, май құю станциясы, тұқым дайындау және престеу цехінің құрылысы жүргізілуде.

– Кәсіпорынға мемлекет тарапынан «Солтүстік» ӘКК» АҚ арқылы жеңілдетілген кредит түрінде қолдау көрсетілді, сондай-ақ БЖК-2025 шеңберінде субсидиялау мерзімі ұзартылды. Жобаға 23 млрд. теңге инвестиция құйылады, тұрақты 217 жаңа жұмыс орны құрылады. Зауыттың өңдеу қуаты жылына 300 мың тонна шикізатты құрайды. Осы жоба іске қосылғаннан кейін өңірде өндірілетін майлы дақылдардың 90%-ын қайта өңдеу қуаты пайда болады, – дейді Дархан Әмірин.

6666

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

Әділет Бағланұлы, +77077387721 adilet.tolegen.00@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz