СҚО-да екі айдың ішінде 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында күн жылынып, ауа температурасы көтеріле бастады. Алайда жолдағы күндіз еріген қар түнде мұзға айналып жатыр. Осыған байланысты өңір полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

15 наурыз күндіз «Челябі – Новосібір» тас жолының Аққайың ауданы арқылы өтетін учаскесінде «Lada Granta» және «Toyota Highlander» көліктері соқтығысып қалды. Салдарынан «Lada Granta» теміртұлпарының 43 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

– Қазір ауа райы алдамшы. Жол үстінде барынша сақ болу керек. Көктайғақ кезінде жылдымдықты асырмай, қауіпсіз арақашықтықты сақтаған дұрыс. Осы негізгі қағидаларды ұстанатын жүргізушілердің кенеттен қауіп туындаған жағдайда уақытылы шара қабылдауға мүмкіндігі болады, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Соңғы екі айда өңірде 33 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, үш адам көз жұмып, 62 адам жарақат алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz