Сыныптастарына шабуылдаған оқушының ақыл-есі дұрыс

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ақпан айында мектепке балта ала барып, сыныптастарына шабуылдаған 9-сынып оқушысының ақыл-есі дұрыс деп танылды. Бұл жайында облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге салайық, оқиға Петропавлдағы 4-ші мектепте 13 ақпан күні болды. 9-сынып оқушысы мектепке өзімен бірге балта ала барып, сыныптастарын жарақаттады. Салдарынан үш бала ауруханаға түсті. Ал күдікті оқушы бірден қамауға алынды.

Жасөспірімнің ақыл-есінің дұрыстығын анықтау үшін онымен мамандар жұмыс істеді. Полиция да тергеуді аяқтап, іс прокуратураға жіберілді.

— Наурыз айында осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 24-ші және 99-шы баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізілді. Сот-сараптамалық жұмыстардың барлығының қортындылары шықты. Қазір істі прокуратура тексеріп жатыр, одан кейін сотқа жолданады, — деді СҚО Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабұлдинов брифинг барысында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz