«Күй күмбірі» республикалық челленджіне 14 мың солтүстікқазақстандық оқушы мен мұғалім қатысты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Наурыз мейрамы қарсаңында ел көлемінде «Күй күмбірі» челленджі ұйымдастырылды. Өнер эстафетасына 14 мың солтүстікқазақстандық мұғалім мен оқушы қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мереке қарсаңында Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де ұйымдастырылған челленджден еліміз барлық мектептері қалыс қалмады. Бір уақытта Қазақстанның түкпір-түкпірінде домбыраның үні естіліп, халқымыздың ұлттық күйлері орындалды.

– Біздің облыстың мектеп оқушылары мен мұғалімдері челленджді қолдады. Ақжар ауданының «Серпер» өнер мектебінің домбырашылар ансамблі ұзақтығы 15 минутқа созылған эстафетада ұлттық күйлерімізді орындады. Құрманғазының «Балбырауын», «Сарыарқа», Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым» күйлерін естіртті. Әр әуенде халқымыздың тарихы көрініс табады десек артық айтпағандық. Акция отансүйгіштікке тәрбиелейді. Бұдан былай бұл челлендж дәстүрге айналатынына сенімдімін, – дейді облыстық білім басқармасының жетекшісі Нәзір Жәшібеков.

Домбыра челленджі республикада алғаш рет өткізілгенін атап өткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz