БІР ЖЕҢІЛІС, БІР ЖЕҢІС

Авторы: Qyzyljar News

Шайбалы хоккейден жастар лигасы ойындарының плей-офф кезеңі жалғасуда. Жартылай финалда жергілікті «Qulager» клубы «Ақтөбе» командасына қарсы екі ойын өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жерлестеріміз жартылай финалдың алғашқы екі кездесуін Ақтөбе қаласында өткізді. Алғашқы ойында құлагерліктер мұз айдынының иелеріне 2:1 есебімен есе жіберді. Бірінші кезеңде жерлестеріміз сапында Даниил Варламов көзге түсті. Кейін ақтөбеліктер таразы басын теңестірді. Шайба авторы – Игорь Пономарев.
Екінші кезеңде бірде-бір команда есепті нәтижелі соққы жасай алмады. Тек шешуші бөлімде ақтөбеліктердің айы оңынан туды. Михаил Калиниченконың шайбасы қақпаға дәл дарыды. Осылайша бірінші ойында «Ақтөбе» клубы жеңіске жетті.

Қарымта кездесуде бес шайба соғылды. Бұл ойында да бірінші болып, құлагерлік хоккейші Даниил Варламов есеп ашса, екінші кезеңде ақтөбелік Максим Мозжериннің соққысы қақпадан табылды. Осы жолы жерлестеріміз мінез танытып, Тамерлан Бейсембиев, Павел Анисимов, Даниил Варламовтың шайбалары солтүстікқазақстандық командаға жеңіс әкелді. Қорытынды есеп 4:1.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz