Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Мемлекет басшысының желідегі парақшасына сілтеме жасап.
— Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны @lenarybakina құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін! — деп жазды Мемлекет басшысы желідегі парақшасында.
Еске салсақ, Елена Рыбакина алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің чемпионы атанды. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінде жеңіске жеткеннен кейін WTA рейтингінде 7-орынға көтерілді.