395
			                    
					
				            
							                    
							        
    «Қазгидромет» РМК синоптиктері Ақтөбе және Қарағанды облыстарында қар еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті. Сонымен бірге республиканың 6 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 4-9 градус жылы.
 
			        