Волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел кубогының финалдық кездесулері өтуде. Ақтық сында жергілікті «Қуаныш» клубының қыздары өскемендік «Алтайға» қарсылас атанды,деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жартылай финалда жерлестеріміз павлодарлық «Ертіс» командасымен ойнап, екі кездесуде де (3:1 және 3:0) жеңіске жеткен. Ал өскемендік «Алтай» волейболшылары талдықорғандық «Жетісудан» басым түсті. Осылайша ақтық сында «Алтай» бұрымдылары «Қуанышпен» кездесті. Финалдық кездесудің алғашқы матчы 3:2 есебімен өскемендіктердің пайдасына шешілді. Келесі кездесуде жеңілсе, солтүстікқазақстандықтар екінші орынды місе тұтады. Қола жүлде үшін «Жетісу» клубы «Ертіс» командасына қарсы ойнап, алғашқы матчта 3:0 есебімен талдықорғандықтар жеңіске жетті