СҚО-дағы үйлердің 82% — ы басқарудың жаңа формасына көшті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында 1,5 мың көппәтерлі тұрғын үйдің 1200-і басқарудың жаңа түріне көшті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Брифингте облыстық ТҮКШ басқармасының басшысы Бақыт Ілиясов өңірде барлығы 1,8 мыңнан астам көппәтерлі үй бар екенін, бірақ олардың 300-ге жуығының не көлемі шағын,не апаттық деп танылғанын және біразы коммуналдық меншікте екенін атап өтті. Олар басқарудың жаңа формасына ауысатындар тізіміне енбейді. Қалғандары 1 шілдеге дейін ауысулары керек.

— Қазір облыста басқарудың 1269 жаңа нысаны немесе жалпы санның 82% құрылды. Оның ішінде 141 мүлік иелерінің бірлестігі және 1128 қарапайым серіктестік. Қалған көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрлеріне көшіру бойынша жол картасы бекітілді. Сонымен қатар, жобалық кеңсе аясында аудандар мен қалалардың әкімдіктері «Easy project» жүйесіне кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысандарын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде, — деді Бақыт Ілиясов.

Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz