Солтүстік Қазақстан облысында табиғи монополияларды реттеу департаменті «Қызылжар Су» ЖШС-нің 2021 жылғы магистральдық су құбырлары мен тарату желілері арқылы су беру қызметіне тарифтік сметасының орындалуын талдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, негізсіз алынған табыс 13 млн. теңгеден асқан. Департамент «Қызылжар Су» ЖШС үшін 2023 жылғы 1 мамырдан бастап бір жылға су беру қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекітті. Тариф қосылған құн салығын есептемегенде бір текше метр үшін 158,92 теңгеге тең. Төмендеу 1,02 теңгені немесе 0,063% құрады.
Департаментте тұтынушылардың бірінші тобы – жеке тұлғалар үшін тариф «текше» үшін 75,973 теңгені, төмендеу – 0,49 теңгені немесе 0,063%, ал екінші топ үшін — бюджет есебінен ұсталатын ұйымдар-1015,246 теңгені құрайтынын түсіндірді. Мұнда 6,49 теңгеге немесе 0,063% төмендеді. Үшінші топ үшін – заңды тұлғалар, өзге тұтынушылар – тариф бір жылға 337,173 теңгені құрайды, бұл 2,15 теңгеге немесе бұрын қолданыста болған тарифтен 0,063% — ға аз екенін айта кеткен жөн.