Аумақтық сайлау комиссиясы бір мандатты округтер бойынша Петропавл қалалық мәслихатына өту үшін қай кандидаттардың басым дауыс жинағанын жариялады. Бұл туралы Qyzyljarnews.kz тілшісі өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шаһар бойынша 159 380 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 58 753 адам дауыс беруге қатысқан. Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, қалалық бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 51 кандидат сайлауға түскен.
Комиссия қорытындысына сәйкес, бір мандатты округтер бойынша келесі кандидаттар қалалық мәслихаттың депутаты болып сайланды:
№1 сайлау округі бойынша – Марат Ысқақов;
№2 сайлау округі бойынша – Ғұмар Нұртаза;
№3 сайлау округі бойынша – Закиржан Мамлютов;
№4 сайлау округі бойынша – Асемгүл Ахметова;
№5 сайлау округі бойынша – Қаныш Бижанов;
№6 сайлау округі бойынша – Болат Қожахметов;
№7 сайлау округі бойынша – Руслан Шарипов;
№8 округі бойынша – Арман Бердағұлов;
№9 сайлау округі бойынша – Сәлімхан Сәбитов;
№10 сайлау округі бойынша – Юрий Бацанов;
№11 сайлау округі бойынша – Сергей Тимофеев;
№12 сайлау округі бойынша – Арман Саутов;
№13 сайлау округі бойынша – Сергей Зуев;
№14 сайлау округі бойынша – Елена Семидоцких;
№15 сайлау округі бойынша – Павел Афанасьев;
№16 сайлау округі бойынша – Рашбиль Евдаев;
№17 сайлау округі бойынша – Лаура Қайыржанова;
№18 сайлау округі бойынша – Ләззат Жалмұқанова.