Петропавл жылу электр орталығындағы жұмысшы өлімінің мән-жайы белгілі болды

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Петропавлдағы 2-ЖЭО- да жарақат алып, қаза тапқан жұмысшы кәсіпорында мердігер компанияның құрамында құрылыс жұмыстарымен айналысқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«СевКазЭнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқан «Строительный Центр Арсенал» ЖШС-нің жұмысшысы. Бұл компания Петропавлдағы 2-ЖЭО-да мердігер ретінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

– Барлық жұмысшылар іске кіріспес бұрын қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өтті. 5 қараша күні біздің бригада түтін тартатын нысанның шатырын қалпына келтіріп жатты. Мердігер ұйымның қызметкері бізге беймәлім себеппен жұмыс орнында емес, № 3 қазандық агрегатының түтін жолы маңында болған. Сол жерде үйіліп тұрған темір конструкция құлап кетіп, 22 жастағы жұмысшы жарақат алды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі қалалық ауруханаға жеткізгенімен, жас жігіт сол жерде қайтыс болды. Жазатайым оқиға барлық тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды, — деді оқиғаға қатысты түсінік берген «Строительный Центр Арсенал» ЖШС директоры Всеволод Сысолятин.

«СевКазЭнерго» АҚ қайтыс болған жігіттің туған-туыстарына қайғырып көңіл білдірді. Естеріңізге салайық, кеше осы фактіні Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті растаған еді. Жұмысшының қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 156-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады. Сондай-ақ жұмысты орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жауапты тұлғалардың кінәсі де айқындалады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz