Теміржол вокзалында намазхана ашылады

Авторы: Qyzyljar News

Қасиетті Рамазан айында Петропавлдағы теміржол вокзалында намазхана ашылмақшы. Бұл туралы «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің өкілдері хабарлады, деп жазады Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ғибадат үйінің қызметкерлері теміржол вокзалының басшылығымен сөйлесіп, ғимараттың екінші қабатында арнайы бөлмені намазхана етіп жабдықтауда. Бұл жерде әсіресе түнгі уақытта жол жүріп бара жатқандар намазын қаза қылмай қиындықсыз орындай алады. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін намазхана бейнебақылау камерасымен  қамтамасыз етілмек.

– Біз намазхананы дайындап қойдық. Бірақ әлі ресми түрде ашылған жоқ.  4-5 адам  намаз оқи алатындай бөлмеде дәрет алатын орын да қарастырылған, – дейді «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы.

Имамдардың жоспарында дәл осындай намазхананы әуежайда да ашу бар. Жалпы қазіргі таңда «Қызылжар» орталық мешіті жанынан жаңа студия құрылып жатыр, жұмыстар 80 пайызға аяқталды. Бұл жерде білікті мамандармен түрлі тақырыпта сұхбаттар ұйымдастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz