Евгений Павлов мексикалық боксшыны жеңді

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық былғары қолғап шебері Евгений Павлов кәсіпқой рингте кезекті рет жеңіске жетті. Осы жолы жерлесіміз техникалық нокаутпен мексикалық боксшы Хуан Карлос Мирелесті тізе бүктірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Евгений Павлов (8-0, 6 КО) Мексиканың Мехикали қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Екінші жеңіл салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз мексикалық Хуан Карлос Мирелеспен (8-3-2, 6 КО) қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жек 8 раундқа жоспарланса да, кездесу уақытынан бұрын аяқталды. Петропавлдық спортшы қарсыласын техникалық нокаутпен екінші раундта ұтты. Осылайша «WBA International» тұжырымы бойынша әлем чемпионы Евгений атағын қорғап, кәсіби мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Қазіргі уақытта Евгений Павлов екінші орта салмақтағы «абсолютті» чемпион Сауль «Канело» Альвареспен бірге жаттығуда

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz